26.09.2019, 17:30
Қараулар: 177
Туған жерге ілтипат

Туған жерге ілтипат

Туған жерінің өркендеуіне,көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтар Қурайлысайда жеткілікті. Солардың бірі – кезінде осы ауылдан түлеп, бүгінде Орал қаласында бизнесін дөңгелеткен Лимар Кулекешов.

Туған ауылы десе елеңдеп тұратын азаматтың қайырымдылық істері көп. Өскен мекеніне ілтипат деп білеміз: ол тек биылдың өзінде жағдайы төмен,мұқтаж  6 отбасын азық-түлікпен және Ж.Молдағалиев ауылында пайдалануға берілген спорт алаңына спорт құралдарын сатып алып сыйға тартты.

Қазақта  «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» дейді. Еліне,жеріне қайырымдылық істерімен көрініп жүрген азаматтардан жастар үлгі алса, нұр үстіне нұр болмақ.

Мәди Өтегалиев,

Құрайлысай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар