4.10.2019, 12:17
Қараулар: 55
Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

Елімізде жыл сайын атап өтілетін 1- қазан – қариялар күні ауданымызда биыл да өз мәртебесіне лайық мерекеленді. Аудан орталығы Чапаевта орталықтандырылған кітапхана кешеніндегі «Қарттарым- асыл қазынам» атты әдеби – сазды кешке ауданымыздың мәдениет саласында еңбек жолынан өткен бір топ зейнеткерлер шақырылды.

Басты мақсаты үлкенді құрметтеу , ұлттық қадір- қасиеттерді, имндылықты одан әрі зерделеуді мұрат еткен шара  адал еңбектің жарқын беттерін тағы бір қырынан көруді ойластырған.

Осында сөз алған аудандық мәдениет , тілдерді дамыту , дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы міндетін атқарушы Райгүл Серікқызы және аудандық кітапхананың бөлім жетекшісі Римма Аманғалиқызы бүгінгі күннің мазмұнына, ауыл ақсақалдарының ұрпақ тәрбиесінедегі рөліне қатысты  лайықты талдау жасады.  Зейнеткерлердің өткен жолдарына үңілді, еңбек іздерінен естеліктер айтты. Арнайы әзірлеген кітап көрмесімен таныстырды. Сарғайған суреттерден сыр шертті.

Еңбек ардагерлері Ғибатолла Қайырғалиев, Марат Досмағамбетов, Бақтығали Қоспаев, Дариға Демеуова, тайпақтық зейнеткер , музыка маманы Сейілхан Зейнетов және өзгелер мерекеге лайық лебіздерін арнап , ән-күймен отырыстың сәнін үстеді. Сөз алған мәдениет саласының ардагері Людмила Акутина әлемге әйгілі Анна Ахматованың шырайлы шығармасынан үзінділер оқып , қамқор қариялардың қазынаға толы өмір жолдарын үлгі етті.  Облысқа танымал журналистика ардагері Тілес Жазықбай қазыналы қариялар туралы жазылған түрлі әдеби жанрларға өз көзқарасын таныта келіп ақын Сағи Жиенбаевтың

Өздерің болсаң жанымда,

Ел іші жомарт еңселі.

Дән исі жүрген қанында

Даламның бір-бір бөлшегі,- деп кең тынысты ақынның кемел ойына өз ойын қоса өрді.

Мерекелік шараны жүргізген танымал ақын Сағынтай Бисенғалиев ауданның бүгінгі өмірінен көптеген тын деректер келтірді .

Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату  -біздің еншімізде .

Демек, өткеннің өнегесімен қаныға отырып , ұлттық тұлғаны қалыптастыру да мойыннан түспейтін борыш. Ал, қарттарымыз осы жолда баршамызды алға жетелейтін маңызды буын,- деді ол. Демек , ақын Мұқағали Мақатаевтың

Мен қарапайым қарттарды сүйем,

Не деген керім еді !

Не біледі, осы жұрт не біледі ?!

Бабалардың баласы- қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Сақалыңан айналдым қарт –бабалар

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?-

деген сұрағы баршамыздан жауап беруді күткендей.

Тілектес САҒЫН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар