27.12.2019, 9:58
Қараулар: 40
Еңбекке құрмет

Еңбекке құрмет

Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында ауданымыздың өсу, өркендеуі жолында қолтаңбасы зор еңбек және тыл ардагері Мұқадес Оразовқа «Ақжайық ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. 90-ды алқымдаған ақсақалды құттықтауға аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов аяқтай барып, жерлестерінің атынан сый-құрметін білдірді. Ол ардақты азаматқа алдағы уақытта елдің ықыласына бөлене беруін, мықты денсаулық пен отбасына бақыт, жақсылық, шаттық тіледі.

Өз кезегінде Мұқадес ақсақал барша ақжайықтықтарды ұлық мерекемен құттықтап, аудан басшылығына мәртебелі марапат үшін алғысын білдірді.

 

Өз тілшіміз

Суретті түсірген Нұрбек АСЫЛБЕКҰЛЫ