27.12.2019, 10:12
Қараулар: 139
Әкім жүлдесі – сарытоғайлықтардың еншісінде

Әкім жүлдесі – сарытоғайлықтардың еншісінде

Ұлы мереке күндері Чапаевта  аудан әкімінің жүлдесі үшін волейболдан ерлер командалары арасында ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирдің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан басшысы Қ.Ш.Айтмұхамбетов «Елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар бөлінуде. Әрбір қазақстандық, оның ішінде жастар осындай спорттың бұқаралығын насихаттайтын жарыстарға қатысу арқылы өздерінің денсаулықтарын шынықтырулары қажет», – деді. Сонымен қатар, ауданның спорт саласындағы жетістіктеріне тоқталып өтті. Еңбек ардагері Бақтығали Қоспаев осындай шаралардың спорттың бұқаралылығының артуына мол ықпал ететіндігін айтып, жарысқа қатысушы әуедоп шеберлеріне сәттілік тіледі.

Дәстүрлі спорт додасында Жаңақала ауданы, Ақжайық ауданы, сонымен қатар Ақжол, Алмалы, Бударин, Базаршолан, Көнеккеткен, Сарытоғой ауылдық округтерінің, аудан әкімдігінің командалары өзара бәсекеге түсті.

Тартысты  ойындардың нәтижесінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына алмалық әуедоп шеберлері көтерілсе, екінші орынды Жаңақала ауданынан келген қонақтар иеленді. Ал аудан әкімінің жүлдесі Сарытоғай ауылдық округі командасының еншісінде. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен аталымдар бойынша марапаттар тапсырылды.

 

Әсел ШЫРАЙ

Суретті түсірген Азамат ҚАНАПИЯ