31.01.2020, 9:31
Қараулар: 254
Ақынның ізіменен

Ақынның ізіменен

 

Ақиық ақын, жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы аясында аудандық балалар және жасөспірімдердің туризм орталығы 6 күндік жорыққа шықты. Тәжірибелі турист Қуаныш Аққалиев бастаған Краснояр орта мектебінің үйірме қатысушылары Чапаевтан Жұбан ауылына жол тартты. Олар Чапаев ауылы — Қамысты көл ауылы — Көнеккеткен ауылы — Жұбан ауылы — Сарыөмір ауылы — Чапаев ауылы бағдары бойынша 140 шақырымды бағындырмақ. Күнделікті үйірме дәрістері барысында алған теориялық білімін кәдеге жаратқан жеткіншектер ардақты жерлесіміздің есімін ұлықтау мақсатында әр ауылда мектеп оқушыларымен жүздесіп, Жұбан ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайды. Сонымен қатар олар Жұбан Молдағалиевқа қатысты деректер қорын, өлке тарихымен байланысты құнды жәдігерлер жинастырады.

Дулат ШАМЕЛОВ.