17.02.2020, 10:37
Қараулар: 38
Балдырғандар байқауы

Балдырғандар байқауы

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мәдени-демалыс орталығында 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында «Мәрт ханзада мен сүйкімді ханшайым» байқауы өтті. Балақайлар сайысына «Ақбота», «Жібек», «Астана» балабақшалары мен аудан орталығындағы екі орта мектептен 8 жұп қатысты.

Ережеге сай үміткерлер «Сұрасаң менің атым», «Өнерлі бала елдің көркі», «Сұлулық сыры»  және «Ертегі әлемі» тақырыбындағы 4 кезең бойынша өнерлерін көрсетіп, бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша «Ақбота» балабақшасының намысын қорғаған Алмас Аймұқашев пен Інжу Марат үздік танылып, «Мәрт ханзада мен сүйкімді ханшайым» аталымын жеңіп алды. «Жібек» балабақшасынан қатысқан Нұртөре Серік, Жұлдызай Қобыланды «Парасатты ханзада мен көрікті ханшайым» атанса, №1 ОЖББМ жанындағы «Балапан» шағын орталығының  тәрбиеленушілері Ерқанат Аманғалиев, Жұлдыз Айтқали «Биші ханзада мен ханшайым» аталымына лайық деп танылды. Ал, «Астана» балабақшасынан Еркебұлан Асланбекұлы мен Айару Есқайырова «Көрермен көзайымы» атанды. М.Әуезов атындағы орта мектеп намысын қорғаған Асылхан Олжасұлы, Назерке Орынғали «Дарынды ханзада мен ханшайым», Нұрбек Жетіс, Алтынай Еркінжан «Өнерлі ханзада мен ханшайым», Жанарыс Батырқайыр, Кәусар Халел «Батыл ханзада мен инабатты ханшайым» және Ердәулет Сапарғали мен Айзере Құмар «Тапқыр ханзада мен ханшайым» аталымдарымен марапатталды. Ұйымдастырушылар тарапынан байқау қатысушыларына сыйлықтар табысталды.

 

Рауан ТАҢАТЖАНҰЛЫ

Суретті түсірген Азамат ҚАНАПИЯ