17.02.2020, 10:41
Қараулар: 52
SOFT SKILLS – XXI ғасыр дағдылары

SOFT SKILLS – XXI ғасыр дағдылары

Осындай тақырыппен жеке тренер Белен Ашимов «Өркен» коворкинг орталығында аудан жастарына “ семинар-тренинг өткізді. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырған бұл шараның мақсаты –  қоғам талаптарына сай жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеп, еңбекке қабілеттіліктерін қалыптастыру. Шараға жас мамандар, жұмыссыз және пробациялық есепте тұрған жастар қатысты. Тренингке қатысушылар тек лекция тыңдап қана қоймай, түрлі ойындар арқылы жақын танысып, пікір алмасты. Жастардың ойынша, аталмыш бағыттағы семинар-тренингтердің маңызы өте зор. Себебі еркін форматтағы жүздесулер арқылы өздеріне деген сенімдері күшейіп, командада жұмыс жасауға дағдыланады.

 

Ақұштап САПАРҒАЛИЕВА