6.03.2020, 14:58
Қараулар: 58
Ұлттық жекпе-жек

Ұлттық жекпе-жек

28 ақпан күні аудандық БЖСМ спорт кешенінде ұлттық жекпе-жектен жастар арасында Батыс Қазақстан кубогі өтті. Жарысқа Орал қаласының ұлттық спорт мектебі мен Тасқала ауданынан және  «Бірлік», «Орал», «Алшын» сынды жекелеген спорт клубтардан  алпыстан астам спортшы қатысты.

Байрақты бәсекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Бір күнге созылған бәсекеде жерлестеріміз жақсы өнер көрсетті. Жалпыкомандалық есеп бойынша Ақжайық ауданының «Алшын» спорт клубы бірінші орын иеленсе, Орал қаласының ұлттық спорт мектебінің сайыпқырандары екінші орын алды. Тасқалалықтар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Аудан намысын қорғаған спортшыларды айта кетер болсақ, Жанел Ғариполла, Сұлтангерей Қайсағали және Қуаныш Сатыбалды бірінші орын иеленді. Әли Кенжебай мен Ернұр Ибрай екінші, ал Дамир Маратов үшінші орынға табан тіреді.

Рауан САТЫБАЛДИЕВ