20.03.2020, 10:57
Қараулар: 142
Мейірімділік жүректен

Мейірімділік жүректен

Жыл сайын күн көрісі төмен, көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан  көмек көрсетіліп, түрлі  ұйымдар өз істерін жауапкершілікпен атқаруда. Ауыл-ауылдарда атымтай азаматтар күнкөрісі төмен жерлестерін қамқорлыққа бөлеп жатса, осы іске мемлекеттік қызметкерлер де өз үлесін қосып келеді. Айталық, жуырда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, дархандылық ұранымен қайырымдылық шарасын өткізді. Атап айтсақ, кең болса, кем болмайтынын түйсінген мекеме қызметкерлері өз қаражаттарымен демеушілік жасап, 15 отбасыға азық-түлік алу үшін 5000 теңгенің сертификатын  табыс етті. Аталмыш сертификатқа ие болған үйелмендер аудан орталығындағы «Елдар» дүкенінен осы сомаға сауда жасап, қажет тауарын сатып ала алады.

Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету  бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да  жалғасын табатын болады.

Ләззат ӨТЕГЕНОВА

«Жайық таңы»

Суретті түсірген Азамат ҚАНАПИЯ