20.03.2020, 11:14
Қараулар: 46
Өнерліге өріс кең

Өнерліге өріс кең

Сарытоғай орта мектебінде «Қолөнер» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Өнер — өмір жемісі» атты сыныптан тыс шара өткізілді. Шарада үйірме  мүшелерінің қөлөнер бұйымдарынан көрме қойылып, оқушылардан құралған «Епті», «Өнерлі» топтарының арасында жарыс оздырылды.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен туындыларынан  сұрақтар қойылып, оқушылар табиғат лирикасына арналған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Расул Рафаэлұлы мен Балауса Ұзақбай  Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай жерлес ақынымыздың шығармашылығына шолу жасап, қатысушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестеріміз жөнінде сауалдарға жауап берді. Іс-шараның соңы  бүлдіршіндердің «Ақ көгершін» әнін орындаумен аяқталды.

Назым ТАЛАПҚЫЗЫ,

5 сынып оқушысы

Жанама ауылы