2.04.2020, 15:06
Қараулар: 152
Жазылған жайт жерде қалмады

Жазылған жайт жерде қалмады

«Орал өңірі» газетінде «Елеусіз ерікті» және «Жайық таңы» газетінде «Еленбеген ерікті» тақырыптарымен газетіміздің тілшісі Рауан Сатыбалдиевтің мақаласы жарық көрген болатын. Мақалада Оразғали Қажығалиевтің зират басындағы еріктілік еңбегі мен Чапаев ауылына қарасты қазақ бейтінің ахуалы туралы жазылған болатын.

19 наурыз күні аудан әкімінің орынбасары Тілекқабыл Ғабдушев мақалада жазылған жайт бойынша аудан ақсақалдармен кеңесіп,қордаланған мәселелерді ортаға салды. Бейіттің тазалығы бойынша тұрғындар мен жауапты мекемелерді сынға алған олЧапаев ауылдық округінің әкімі Нұртаза Нәбиденовке кемшіліктерді жөнге келтіру бойыншатапсырмалар берді. Өз кезегінде Нұртаза Нұрхатұлы зират басындағы құрал-жабдық салынатын ескі ғимаратты жөндеу жүргізілетінін айтты. Сонымен қатар бейітке қатынайтын жол биыл тегістелетіндігін, қорымды қоршау үшін ақсақалдар кеңесі ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып жатқандығын тілге тиек етті. Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жігербай Қажығалиев бастаған үлкендеріміз зират басындағы тазалық пен қорымды қоршау мәселесі аудан орталығының тұрғындарына қатысты екенін айтып, осы жайт бойынша газетке үндеу жазып, ауыл азаматтарынан қаражат жинауға атсалысатындарын жеткізді.

«Жайық таңы»