10.04.2020, 11:25
Қараулар: 104
Жасыл желек жайқалмақ

Жасыл желек жайқалмақ

Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі35 га жерде көктемгі ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді.Айта кетер болсақ, Алмалы орманшылығы Орал – Атырау тас жолының бойында 11 га, Қарауылтөбе орманшылығы мемлекеттік орман қоры жерінде 20га, Антон орманшылығы 4 га жерге ағаш отырғызды. Сөйтіп барлығы 24 мың сексеуіл, 40мың шаған, 40 мың үйеңкікөшеттері егілді.Жоспар бойынша 18 га жерге толықтыру жұмыстары жүргізіліп, 16 мың дана екпе ағаштары жұмсалды. Тайпақ орманшылығындағы уақытша тұқым бағымызға 3 мың көктерек, 20 мың жыңғыл қалемшелері егілді. Игі іс болашақта да жалғасын табатын болады.

Айгүл Берікқызы,

орман шаруашылық инженері,

Тайпақ ауылы