17.04.2020, 10:38
Қараулар: 156
Рухани қазына желіде қолжетімді

Рухани қазына желіде қолжетімді

Аты жаман індеттің таралуының алдын алу мақсатында жер-жердегі кітапханалар да оқырмандарына қашықтан қызмет көрсетуде. Яғни оқырмандарға электронды кітаптар , аудио кітаптар ұсынып, шара түрлері де онлайн форматта ұйымдастырылуда.  Оқырмандарымыздың сұраныстарын қанағаттандыру  мақсатында Қазақстан Республикалық Ұлттық кітапханасының электронды платформасынан көптеген шығарма, мақала, газет пен журнал жеткізілді. Кішігірім елдімекенде компьютер жетіспесе де, кітапханашылар планшет, смартфон арқылы да ауыл тұрғындарына әлеуметтік желі, мэссенджерлер арқылы электронды, аудио  кітаптар ұсынып,  #БІЗБІРГЕМІЗ, #ҮЙДЕҚАЛЫҢЫЗ, #ҮЙДЕКІТАП , #ЕРТЕГІАЙТЫПБЕРЕЙІН, #МЕНОҚЫДЫМСЕНДЕОҚЫ , хэштегтерімен шаралар ұйымдастырып,  рухани орда қызметін жаңаша жаңғыртуда.

Сондай-ақ Жұбан елі майдангерлерінің ерлігін ұлықтайтын «Ұлы Жеңіске — 75 жыл» атты виртуалды таныстырылымы бастау алды. Оқырмандарымыз да  «ЖЕҢІС@  БЕТТЕРІ» айдарымен  эссе жазып, сурет салып, батырлардың рухына өлең арнап,  желіде өз белсенділіктерін танытуда.

Биыл ауданымызда «Жұбан жылы» деп жарияланып, ақынның ғасырлық тойы аясында шығармашылығына арналған  «Алаштың Асыл ардағы», «Жұбанын әлдилейді Ақжайығы» тақырыбында аймақтық, республикалық  әншілер байқауы жарияланды. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық  ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастырумен  көптеген виртуалды таныстырылымдар, тақырыптық кештер оздырылса, жерлестеріміз көрші аудандардағы   шаралар легіне де қатысып, тығыз қарым қатынынас орнатылды.

Сонымен қатар «Ақжайық ауданы: өлкетану» қорының электронды нұсқасын  http://akzhaik-biblioteka.kz/kz/ сайты , Q-код бағдарламасына жүктеу арқылы да  өлке әдебиеттеріне қолжетімдік  жұмыстары жүргізілуде.

Жұтамайтын қазынаның қайнар бұлағы – кітап десек, жерлестеріміздің рухани байлықтан сусындауына кітапханашылар осылай өз үлестерін қосуда. Себебі тәрбие де, білім де кітапта.

Роза МҰСАҒАЛИЕВА,

аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры