24.04.2020, 10:48
Қараулар: 256
Кешеннің құрылысы басталды

Кешеннің құрылысы басталды

Аудан орталығында 320 орынға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Осы айда алғашқы тасы қаланған болашақ ғимараттың құрылысын мердігер «Алтим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Су жаңа кешенде волейбол, баскетбол, минифутбол, бадминтон, теннис, бокс, күрес сынды  спорт түрлерінен дәрістер өткізіліп, күрес залы, бокс залы, жаттығу залы, спорт залы ашылады.

Аталмыш кешеннің құрылысына облысымызда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жүрген «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы 503 млн теңге қаражат бөлген.

Әсем ЕСБЕК