24.04.2020, 11:09
Қараулар: 307
Тағайындау

Тағайындау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 13 сәуірдегі №305 Жарлығымен Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық сотының төрағасы қызметіне Әлібек Мұратұлы Нұрғалиев тағайындалды.

Ә.Нұрғалиев 18 қыркүйек  1980 жылы Орал облысы,Тайпақ ауданы, Калмыков ауылында дүниеге келген. 1987-1997 жж Тайпақ ауылындағы Қ.Байсықов атындағы орта мектепті аяқтаған. 1999-2003жж Орал қаласындағы «Құқық және басқару» институтын заңгер мамандығы бойынша бітірді.  2003-2008 ж.ж. БҚО №2 Ақжайық аудандық сотында бас маман, сот мәжілісінің хатшысы, 2008-2014 ж.ж. БҚО Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2014 жылғы 17 маусымдағы ҚР Президентінің  №738 Жарлығымен БҚО Орал қаласының №2 сотының судьясы лауазымына тағайындалып, 2020 жылдың 13 сәуіріне дейін осы қызметті атқарған.