4.05.2020, 9:22
Қараулар: 145
Әскери жиынға шақырылды

Әскери жиынға шақырылды

Өткен аптаның жұмасында арнайы әскери жиынға шақырылған 13 азамат жұмыстарына кірісті.

Олармен аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов жүздесіп, қиын сәтте Отанына қызмет етпек болған ниеттеріне алғысын білдірді. «Көп күш тәртіпті сақтау, блок-бекеттерде қалыпты ахуалды сақтауға жұмсалуда. Бүгінде 6 бекетте 45 құқық қорғау қызметкерлері жұмыс істеуде, бірақ бұл жеткіліксіз. Сондықтан елді індеттен аман-есен шығаруда сіздерге үміт зор. Осындай жиындарға қатысу әрбір азаматтың әскери міндеті болса, сіздердің іс жүзінде өз патриотизміңізді көрсетіп,  қиындықты еңсеруге қосар үлестеріңіз үшін ризашылығым зор», — деді ол.

Арнайы жиынға шақыру алдында әскери міндетті азаматтардың барлығы толық аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен медициналық комиссия арқылы іріктелген. Жиынға қатысушы әскери қызметшілер бірнеше топқа бөлінді. Олардың бірқатары көшеде карантин режимі талаптарының бұзылмауын қадағаласа, бірнешеуі өз қызметтерін блок-бекеттерде жалғастырады. Сонымен қатар аудан орталығындағы провизорлық орталыққа да бір әскери міндетті жолданды.

Әлия СЕРІК

Суретті түсірген Азамат ҚАНАПИЯ