4.05.2020, 9:57
Қараулар: 44
Мал ұрлап, қолға түсті

Мал ұрлап, қолға түсті

Жедел іздестіру шаралары барысында БҚО ПД Ақжайық аудандық полиция бөлімі Қурайлысай ауылдық округінің Әтібек елді мекенінен мал ұрлығымен айналысып келген 1978, 1982 және 1987 жылы туған ағайынды жігіттерді анықтады.

Қазіргі таңда күдіктілер үстінен ҚР ҚК 188 бабының 4 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан тіркелмеген аңшы мылтықтары, атыс қарулары және түрлі калибрдегі оқтар мен пышақтар табылып, тәркіленді. Бұл факт бойынша да тергеу амалдары жүруде.

Ақжайық аудандық полиция бөлімінің ақпараты бойынша, ұрылардың кесірінен зардап шеккен мал иелері анықталуда. Төтенше жағдайға байланысты әзірге азаматтарға полиция бөліміне келуге болмайды. Мал жоғалғандығы туралы барлық арыз-шағымдар қаралып, расталған жағдайда ұрланған мал карантин аяқталған соң заңды иелеріне қайтарылады. Жәбірленушілерге полиция қызметкерлері өздері барып, жолығады.

Барлық түлік актіленіп, полиция бөлімі мен жергілікті атқарушы биліктің ұйымдастыруымен күзетке алынып, күнделікті бағылатын болады.

Рауан ТАҢАТЖАНҰЛЫ