14.05.2020, 16:06
Қараулар: 162
Карантин режимі жалғасады

Карантин режимі жалғасады

Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, пандемияның таралу қаупі әлі де сейілмей тұр. Өзіміздің, туған-туыстарының саулығын сақтағыңыз келсе, біраз уақыт сақтық шараларын ұстанғаныңыз жөн. Облысымыздағыдай, ауданымызда да карантин  режимі 25 мамырға дейін созылады. Қандай шектеулердің күші жойылған жоқ? Қандайма бір мәселе туындап жатса, кімге хабарласу керек? Осы және өзге де сұрақтар мазаласа, төмендегі ақпаратпен танысыңыз.

Орал қаласы, Бөрлі ауданы және көрші облыстардың аумағына кіруге/шығуға тыйым салынады.

Жеңіл көліктің (такси) толтырылуы 3 адамнан аспауы тиіс. Көлік жеке гигиеналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Азық түлік дүкеніне, дәріханаға бір мезгілде 2 адамнан артық кірмеуі тиіс. Кіреберісте кезекке тұрсаңыз, арақашықтықты сақтаңыз!

Серуендеуге шыққанда, сондай-ақ өзге жағдайларда міндетті түрде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұрғылықты жерлерінен еркін шығуға рұқсат етіледі;

Туысқандарға, таныстарға, көршілерге, әріптестерге және т.б. жерлерге баруға  әзірге тиім салынады.

Шынайы ресми ақпаратқа сүйеніңіздер, жалған ақпараттарды тарату заң аясында қатаң жазаланады.

Жоғарыда аталған талап-шектеулерді орындамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Түрлі мәселелер бойынша 8 (71136) 91-2-79 немесе 109 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Өз тілшіміз.