19.05.2020, 12:30
Қараулар: 96
Ақжайық ауданы бойынша соңғы он жылдасальмонеллез жұқпасы тіркелген жоқ

Ақжайық ауданы бойынша соңғы он жылдасальмонеллез жұқпасы тіркелген жоқ

Сальмонеллез – бактериалды жұқпалы ауру, көбінесе ішек –қарын жолдарына зиян келтіреді, бұл жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы, көп жағдайларда азық-түлік арқылы беріліп, асқазан- ішек жолдарының зақымдануы арқылы сипатталатын жұқпалы ішек ауруы.

Инфекцияның көзі— ауыл шаруашылық жануарларымен құстар, сальмонеллезбен ауру адамдар және бактерия тасымалдаушылар.

Таралу жолдары— ауру қоздырғышы адам ағзасына сальмонеллез жұқтырылған және дұрыс термикалық өңделмеген тамақ өнімдерін пайдаланған кезде түседі (ет, сүт өнімдері, жұмыртқа)

Ауру белгілері – жасырын кезеңі жұқтыру кезеңінен аурудың клиникалық белгілерінің пайда болуына дейінгі мерзім 2-6 сағаттан 2-3 күнге дейін құрайды. Ауру негізінде жіті басталады, бастапқы кезеңде улану, әлсіздік, бас ауру, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас және бұлшық ет ауруынан басталады.

Алдын- алу шаралары: Күнделікті тұрмыста әр адам жеке бас гигиенасын және тамақты дайындаудың (кондитерлік, кулинарлық өнімдердің, салаттардың) ережесін, дайын өнімдерді пайдалану мерзімі мен сақтау мерзімін қатаң қадағалау керек. Сальмонеллез жұқпасының алдын алуда тамақ өнімдерінің термиялық өңдеу ережелерін сақтау аса маңызды, әсіресе ет, сүт және құс өнімдерін, сонымен қатар кулинарлық, кондитерлік, сүт өнімдері, тез бұзылатын тағамдар.  Көкөністерді, жемістерді пайдаланар алдында таза ағынды сумен мұқият жуу аса маңызды. Белгісіз су қоймаларынан, әсіресе ашық су қоймаларынан суды пайдалануға болмайды. Осы ережелерді есте сақтау сальмонеллез инфекциясының алдын алудағы маңызды  шаралар болып табылады.

Аурудың алғашқы белгілер пайда болған кезде дереу дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажет.

Ақжайық аудандық Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Оразбайқызы Гүлсая

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар