22.05.2020, 9:30
Қараулар: 34
Үздіктер «Бөбекте»

Үздіктер «Бөбекте»

Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толғанына орай бірқатар мазмұнды шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – ақын шығармашылығын дәріптеу, бүлдіршіндерді өнерге баулу мақсатында балабақша бүлдіршіндері мен тәрбиешілер арасында оздырылған республикалық «Қыс бейнесі» байқауы.

Бүлдіршіндер осы байқауда «Қыс бейнесі» тақырыбында сурет салса, ал тәрбиешілердің шығармашылығы «Абай – кемеңгер» тақырыбында жазылған эссемен сыналды.

Осы байқауда аудан орталығындағы «Бөбек» балабақшасы тәрбиешілерінің эсселері үздік деп танылып, 30-дан астам сурет жолдаған балдырғандарымыз жүлделі дипломдармен марапатталды. Байқау ұйымдастырушылары балабақша меңгерушісі Гүлжанат Жігербаеваның 20 жылға жуық мектепке дейінгі білім тәрбие саласындағы еңбегін «Абай Құнанбайұлына 175 жыл» медаліне лайық  деп бағалады.

Расында да, ауданда алғашқылардың бірі болып ашылған балабақша үш мәрте облыс деңгейінде «Үздік ауылдық балабақша» аталымын иеленіп, биыл «Экспериментті алаң – болашаққа қадам» атты облыстық балабақшалар арасындағы байқауда өзгелерден оқ бойы озып, республикалық «Бәрін білгім келеді» алаңына қатысушылар қатарынан табылды.

Өз тілшіміз