22.05.2020, 9:34
Қараулар: 165
Жасанды сұлулық әдетке айналмаса…

Жасанды сұлулық әдетке айналмаса…

Қазіргі таңда нәзік жандыларды бояусыз елестету мүлдем қиын болып барады.Әйел бетін жасанды жолмен әрлеу ықылымнан бар әдет болса, бүгінде әдемі болудың жолында аруларымыз қандай айлаға бармайды дейсіз. Тіпті жасанды сұлулықты әдетке айналдырып, бояусыз жүре алмайтындардың барын қайтерсің. «Сұлулық құрбандықты талап етеді» деген желеумен әйелдер қауымы ақшаларын оңды-солды шашып, сән салондарының тұрақты тұтынушысына айналды. Сөйтіп, сұлулық жолында өздері құрбан болып, денсаулығына орасан зор зиян келтіріп жатқандарын да өздері де байқамайды.

Әрине әйел адам өзінің сырт келбетіне мән бергені абзал. Дегенмен,туа бітті табиғи сұлулық бірінші орында болуы керек. Ал жасанды кірпік, татуаж, тырнақ өсіру, бет әрлеу, шаш жалғау, тіпті ерініңізді үлкейтусияқты қызмет түрлері сұранысқа ие қазіргі заманда осы тәмсілді ұмытып кететініміз біраз қынжылтады.Әсіресе той маусымында кезекке тұрып, кәсіби мамандардың жұмысына жүгінетіндердің қарасы қалың. Әп сәтте қасынқарлығаштың қанатындай қиылтып, қысқа шашын беліне дейін түсіртіп, кірпік-тырнағын қалаған ұзындығына өсіртіп, еріндерін үрпиткендер жасанды  сұлулықтыңтабысты бизнеске айналуына бірден-бір себепкер.Отандық бьюти мамандардың да күн санап артып жатқанында байқауға болады.  Сұлулық салондарындағы  қызылды-жасылды жарнамалары да көрген жанның көзін қызықтырады.

Жасанды тырнақ жапсырып, саусақты салалы қылып көрсету – сұлулықтың ажырамас бір бөлігіне айналды.Тырнақ әрлеуші шебердің қызметіне жүгінсеңіз болғаны, қысқа, күтімсіз тырнағыңыз әп -сәтте әп-әдемі түрге енеді. Бұл қызметтің сан түрі бар: қаласаңыз акрилмен әрлеп, гельмен майлап береді. Шеберлердің айтуынша, біреуінен екіншісі артық деуге келмейді, екеуінің де пайдасы мен зияны тең. Тырнақ жапсырылғаннан кейін, өзіңіздің табиғи тырнағыңыз бүлініп, жұқарып қалады. Кейбір кәсіби мамандар болса акрилмен жасалған тырнақты қолдайды. Себебі акрил өздігінен қатып, қосымша аспаптардықажет етпейді.Жапсырылған тырнақты алып тастау да оңайға түседі. Табиғи тырнаққа өте ұқсас болғандықтан, саусағыңыз көрікті әрі күтімді екені болып көрінеді.Жасанды тырнақты өз бетіңізбенемес, арнайы маманға келіп алдыру қажет.

Әдемілік жолында әдетке айналған процедураныңтағы бір түріерінді ектіру. Айта кетерлігі, ерін үлкейтудің басқа да тәсілдері бар. Біреулер хирургияға жүгінсе,томпақ ерінге қызығатын арулар ине салғызып, жіңішке еріндерін гиалурон қышқылымен ұлғайтады. Ерін әдемілігі өміршең болу үшін мамандар бұл процедураны алты ай сайын қайталап тұруға кеңес береді. Уақытында қайталанбаса, ерніңіз ауасы шыққан шардай, бұрынғы қалпына қайтадан келе бастайды. Бұл қызмет түрінің бағасы шамамен 50-60 мыңның теңгенің айналасы. Ал қасыңыз жұқа немесе пішінсіз болса, оны шешудің  де бірнеше жолы бар. Жасанды татуаж үй жағдайында қас жұлу сияқты оңай тірлікке айналды. Сән салонына кіре қалсаңыз, кәсіби мамандар бұл қызметтің неше түрін ұсынып жатады. Соның ішіндегі көп тарағаны перманентті макияж. Қас жасау кезінде бояуды мамандар терінің беткі қабатынан 1 миллиметрден асырмайды.. Себебі одан ары қарай жіберсе, теріде тыртық қалып, денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бағасы  сапасына қарай 6-17 мың теңгенің төңірегенде. Тұтынушы көбейіп, тапсырыс үздіксіз түскен соң, көптеген жан кірпік жалғаушы, бет әрлеуші, тырнақ өсіруші болып, жеке кәсібін ашуда. Алайда қызметтің бағасына емес, сапасына назар аударған жөн.

Жасанды кірпік жалғау шебері лэшмейкердің жұмысының танымалдылығы күн санап өсіп келеді. Бастысы, сапалы материалдармен жұмыс жасайтын, тәжірибесі де мол шебердітапсаңыз болғаны. Бір айға шыдайтын жасанды кірпікті бұл істің қас шеберлерібір сағатта жапсырып береді. Аруларымыздың арасында 6-7 жыл қатарынан үздіксіз кірпік жалғап жүретіндерді де жолықтыруға болады. Бұл жасанды кірпікке тәуелділік деген сөз.Осы ретте Чапай ауылындағы лейшмейкер-маман Күлім Әлмұханованың кеңесіне жүгіндік. «Адамның табиғи кірпіктері жұқа, жіңішке болып келеді. Аруларымыз жасанды кірпіктің 2,3d сынды көлемді түрлерін жапсыруға құмар келеді. Алайда көпшілік жағдайда табиғи кірпіктер жасанды жапсырмаларды көтере алмай, түсіп қалады. Жасанды кірпікті үздіксіз тағудың соңыөз кірпіктеріңіздің сынғыш, әрі әлсіз болуына әкеліп соғуы мүмкін. Түскен кірпіктің орнына жаңасы шыққанша біраз уақыт қажет. Сондықтан тәуелділікке бой алдырмаған абзал.

Жұмысты бастамас бұрын тұтынушының процедура барысында қолданылатын химиялық заттарға аллергиясы жоқтығына көз жеткіземін. Ең бастысы кірпікті ұстап тұратын желім. Ешқандай бөртпелер туғызбайтын, клиентке де жағатын сапасы жоғары материалдарды пайдаланған жөн. Кейбір қыз-келіншектер ақшаға жасатып отырған соң, «жасанды кірпіктер ұзаққа шыдай ма, түсіп қалмай ма» деп алаңдап жатады. Ең алдымен бұл клиенттің кірпікті күтуіне байланысты. Жапсырылған кірпіктен кейін алғашқы екі күнде ыстық моншаға түсуге, буға тигізуге болмайды» дейді маман.

Шынайы келбеттеріне көңілдері толмай, тіпті пластикалық хирургияғада жүгінетін аруларымыз аз емес. Пластикалық ота бұрын соңды кем-кетіктерді жамауға арналған болса, қазіргі таңда сән индустриясыныңбелді бөлігіне айналды.Бүгінде көптеген әйел адамдар табиғи келбетін қорашсынып, пышаққа түсіп жатады.Алайда хирург маманның араласуы барлық жағдайда жақсы нәтиже бермей, опық жеп жататындар да жеткілікті.

Пластикалық отаның ішінде елімізде кең таралғаны –блефаропластика.Бұл қабақты ашып, көз пішінін өзгертуге арналғанота түрі. Ғаламтордағы мәліметтерге сүйенсек,блефаропластикаға көбіне 18-30 жас аралығындағы қыз-келіншектер жүгінеді екен.. Отаның құны шамамен 150-300 мың теңге көлемінде.Дәрігерлердің айтуынша, бұл операцияның денсаулыққа, көзге еш зияны жоқ Тиісінше көзіңіз әдемі бола түседі. Хирург қызметіне тұрған ұзын сонар кезек тізімі де,қызмет түріне сұраныс көп екенін білдіргендей.

Әрине, әйел адамның әдемілікке құштарлығы – заңды құбылыс. Заманға сай сән салонының көмегіне жүгінуге де еш кедергі жоқ. Дейтұрғанмен, табиғи сұлулық әрқашан бірінші кезекте болуы тиіс. Қазақ халқықай уақытта да табиғи көріктілікті бағалаған. Аруларымыз батысқа еліктейміз деп, табиғи түр-әлпетін жоғалтып алмаса, игі еді.

Ләззат САМАТҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар