22.05.2020, 9:53
Қараулар: 31
Алғысымыз сізге, дәрігер!

Алғысымыз сізге, дәрігер!

Дәрігерлер, медбикелер, жедел жәрдем қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер және белсенділер – барлығы  саулығын қорғап қалу үшін тынымсыз еңбек етуде. Олардың кей жағдайда елеусіз қалып жататын қызметі жер шарын әлекке салған пандемияда өте маңызды. Ерікті жастар бірігіп, мүгедектер, зейнеткерлер, әлеуметтік тұрғыдан әлсіз жандарға тағамдар алып беріп, қамқорлыққа бөлеуде. Осынау қиын кезеңде ерікті жастар ауылдағы медициналық қызметкерлерді де назарынан тыс қалдырмай, өз ризашылықтарын ерекше білдірді.

Олар саулықтың сапында жүрген мамандарға ауыл тұрғындары атынан алғыстарын білдіріп, өз қолдарынан дайындалған тәттілер салынған гүлшоғын тарту етті. Сәбира Сүндетова басшылық еткен Алмалы амбулаториясының ақ желеңділерімен сұхбаттасып, індетті бірлесе жеңу үшін ауыл жастары әрқашан да  бірге екендіктерін жеткізді.

Дәметкен ХАСАНОВА,

жастар ісі жөніндегі кеңесші маман

АЛМАЛЫ