22.05.2020, 9:54
Қараулар: 112
Сот жұмысы қашықтан жалғасуда

Сот жұмысы қашықтан жалғасуда

Қашықтан жұмыс істеген мекемелердің қатарында аудандық соттар да бар. Төтенше жағдай жарияланғалы бері мұндағы барлық  сот отырыстары онлайн түрде өтуде. Індеттің алдын алуға байланысты алынған шектеу шараларға қарамастан, соттарға түсіп жатқан талап-арыз азаймай отыр. Тек қана  Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында карантин режимі кезеңінде 67 іс мобильді құрылғы көмегімен қаралды. Осылайша елімізде сотқа қатысушылар төтенше жағдай тәртібін бұзбай, сот отырысына еш шығынсыз, әрі қиындықсыз қатысуға мүмкіндік алды. .

Айталық, Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында төтенше жағдай уақытында on-line режимде аз. М. ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен айыптау туралы қаралған қылмыстық іс бойынша сот тергеу изоляторына бейнеконференцбайланыс арқылы қосылып, Орал қаласындағы РУ-170/1 қылмыстық атқару жүйесі мекемесі қызметкерлері арқылы сотталушы мен адвокатты сотқа қатыса алды. Ал прокурор Чапай ауылындағы жұмыс орнынан және сотталушының қорғаушысы Ақсуат ауылынан  «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы сот отырысына қатыса алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан адам өлімі болған бұл қылмыстық іс бойынша сотталушыға 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетелік, ұялы телефонға жүктелген «TrueConf» мобильді қосымшасы көмегімен де сот отырысына қашықтан қатысуға бірден-бір тиімді құрал. Қазіргі таңда осы қосымша арқылы байланыс орнатуға ниет білдіргендердің санының артуы да сондықтан.

Ақпараттық-технологиялық құралдардың көмегімен сот жүйесінің қолжетімділігі, тиімділігі, ашықтығы арта түсіп, сотқа қатысушы тараптардың алтын уақыты мен жол қаражатын үнемделді.

А.МАСЕНОВА,

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының бас маманы

ТАЙПАҚ