29.05.2020, 9:30
Қараулар: 114
Әскерилерді марапаттады

Әскерилерді марапаттады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 2 сәуірдегі «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға жақыру туралы» №296 Жарлығына сәйкес ауданымызда 13 азамат әскери жиынға шақырылған болатын. Бұл азаматтар төтенше жағдай кезінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға атсалысты. Олар ауданға кіреберіс блокбекеттерде күні-түні қызмет атқарып, құқық қорғау қызметкерлеріне көмек көрсетті.

22-мамырда аудандық қорғаныс бөлімінде аудан әкімінің орынбасары Тілекқабыл Габдушев төтенше жағдай кезінде әскери міндетін үлгілі орындаған азаматтарды алғысхатпен марапаттап, атқарған қызметтеріне шынайы ризашылық білдірді

Рустем ДЕМЕУ