29.05.2020, 9:37
Қараулар: 29
Алғабас мектебі күрделі жөндеуден өтуде

Алғабас мектебі күрделі жөндеуден өтуде

«Бизнестің жол картасы -2020 » бағдарламасы  аясында  Алғабас ауылдық округінің 1984 жылы іргесі қаланған 281 орындық мектеп ғимаратына  күрделі жөндеу жұмыстары басталды.  Ғимаратты жөндеуге республикалық бюджеттен 653 млн.700 мың теңге қаражат бөлінген. Мектеп директоры Дияр Сансызбайұлының сөзінше, 2005 жылдан бері әрлеу көрмеген бұл  білім ошағының жылу, кәріз жүйелері жөнделіп, есік-терезелері алмастырылуда.  Алдағы уақытта шатырлары, едендері ауыстырылып, қабырғалары, электр және жылыту желілері  жаңартылатын болады. Мердігер деп танылған «БАТЫССТРОЙ — ИНВЕСТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төрт айдың ішінде құрылыс жұмыстарын аяқтауға уәде етіпті. Демек, жаңа оқу жылын шәкірттер толық жаңғыртылған ғимаратта қарсы алмақ.

Мектептің жөндеуіне ауылдық округтен 53 жұмыссыз тартылды.  Алдағы уақытта тағы 55 адам қамтылады деп күтілуде.

Ләззат САМАТҚЫЗЫ