29.05.2020, 10:10
Қараулар: 30
Мәдениеттің мақтаулысы

Мәдениеттің мақтаулысы

Өткен аптада елімізде Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тойланды. Атаулы күнге орай облыс орталығында өнер саласының үздіктеріне қошемет көрсетілді. Мақтаулылардың арасында  аудандық мәдени-демалыс орталығы директорының мәдени жұмыстары жөніндегі орынбасары Ләззат Құбаева да бар. Ол абыройлы еңбегімен, өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың Алғыс хатымен марапатталды.

Еңбек жылдарының басым бөлігін  осы мекемеге арнаған ол «Сымбат» бишілер тобын құрды. Өнерпаздардың талабын шыңдап, топтың республикалық, халықаралық байқауларда жеңімпаз атануына Ләззат Уәпқызының сіңірген еңбегі зор. Қазір де өңір мәдениеті мен өнерін өрістету, ұлттық мәдени мұрамызды сақтау  үшін тынбай жұмыстануда.

Әсел САҒЫН