5.06.2020, 9:38
Қараулар: 28
33 «Алтын белгі», 22 «Үздік аттестат»

33 «Алтын белгі», 22 «Үздік аттестат»

Мерекеге сай безендірілген алаң, жүздері қуаныштан бал-бұл жайнаған ұл-қыз. Түлектердің кеші десе, тап осы көрініс көз алдымызға келеді. Биылғы мектеп бітірушілер де осындай мерекені армандамады емес, армандады. Бірақ, әлемді жайлаған пандемияға байланысты оларға аттестаттары үйлерінде табысталды.

«Биыл орта мектепті 336 түлек тәмамдады, олардың 33-і «Алтын белгі», 22-сі «Үздік аттестат» иегері, — дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Шынар Әлсейітова, — бүгін осы түлектерге аттестат табысталып, мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері білім ордасының құттықтауын жеткізді».

Атап айтар болсақ, Талап орта мектебінен 4, О.Исаев ат., Қ.Байсықов ат., Бударин, №1 орта мектептерінен 3, М.Әуезов ат., Жаңабұлақ, Краснояр, Есенсай орта мектептері, Абай атындағы мектеп-гимназиядан 2, Бітік, Мерген, Ғ.Махамбетов ат.,Тайпақ, мектептерін 1 оқушы «Алтын белгі» иеленді. Ал Алғабас, С.Ошанов ат., Қ.Байсықов ат., №1 орта мектебінен 3, Бударин, Ғ.Махамбетов ат., мектебінен 2, М.Әуезов ат., Бітік, Краснояр, Талап, Харькин, Базартөбе мектептерінен 1 түлекке «Үздік аттестат» табысталды.

Өз тілшіміз