5.06.2020, 11:22
Қараулар: 27
Бала көңіл шат болсын

Бала көңіл шат болсын

Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні бүлдіршіндеріміз асыға күтетін,  қуаныш сыйлайтын ерекше мейрам, олардың құқығын сақтаудың өрісін одан әрі кеңейтетін, қамқорлықты қанаттандыратын күн.  Әрбір ата-ана осы күні ұл-қызына жылы лебіздерін арнап, тәтті сыйларын ұсынады. Ауыл-елдімекендерде карантин режиміне байланысты бұл мереке кең көлемде тойланбаса да, балалардың қуанышын еселеуге ауыл жастары барын салды. Мысалы, жаңабұлақтық балдырғандардың аға-апалары әлеуметтік желі арқылы онлайн байқау өткізіліп, үздік  танылған кішкентайларға сыйлықтар таратты. Олар жеңімпаздардың әрқайсысын үйлеріне барып құттықтап, көңілдерін қуанышқа бөледі. Ал Алмалы ауылының «Мейірім» еріктілер тобы да  бүлдіршіндерге қуанышты көңіл күй сыйлап, тәтті, т.б. сыйлықтар жасады.

Өз тілшіміз