15.06.2020, 10:48
Қараулар: 18
Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн

Республика көлемінде 1-12 маусым аралығында осындай тақырыппен ұлттық ақпараттар науқаны өтуде. Бала еңбегін пайдалану мәселесіне қоғамның назарын аударып, оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуды мақсат еткен науқанды қолдап, Қаршы орта мектебінің ұжымы да үн қосты.

Мұнда ұстаздар мектеп жанындағы «Қарлығаш» лагерінің оқушыларымен «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» акциясын қолға алды. Мектеп психологы Арайлым Қайыржанованың жетекшілігімен «Менің жүрегімнің күн шуағы» атты психологиялық тренингтер өткізсе, ауыр еңбекке тартылып, өмірі мен денсаулығына қауіп төнген балалар жөніндегі бейнероликті даярлаған  әлеуметтік педагог Анаргүл Сельбаева осы мәселеге қатысты толық ақпаратпен бөлісті. Қосымша білім беру педагогтары Эльмира Қайырғали, Гаухар Абдрахим «Бала еңбегі-балалар көзімен» атты суреттер көрмесін ұйымдастырып, Айкүн Молдашева, Бибігүл Шмангалиева балалар арасында «Бақыттың кілті-балалық шақта» тақырыбында эссе байқауын өткізді. Мектеп кітапханашысы Нази Тлесова бала құқығы және Бала құқығы Конвенциясы жөнінде ата-аналарға мағлұмат беріп, балалардың бақытты шағы туралы фотосуреттер топтамасын жасады.

Айнажан  САРСЕНБАЕВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Лбішін ауылы