15.06.2020, 10:51
Қараулар: 82
Кедергісіз орта құру — міндет

Кедергісіз орта құру — міндет

Қоғамға мүгедектігі бар азаматтарды интеграциялау бойынша белгіленген барлық жоспарларды іске асыруда олардың тіршілік ету орындарында кедергісіз орта құру – басты мақсат. Нысандардың мүгедектерге қолжетімділігін арттыру жөнінде біздің ауылымызда да ауқымды істер атқарылуда. Ауданы бойынша жалғызілікті қарияларға, мүмкіндігі шектеулі ересектер мен  балаларға арналған екі аралас бөлімше қызмет етсе, оның бірі Тайпақ ауылында орналасқан.

Бүгінде округімізде 195 мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Тағдырдың  жазмышы ғой, 15 адам кресло-арбаға таңылған. Күнделікті тірлігінде олардың түрлі мекемелерге қатынауға мәжбүр. Сондықтан осындай нысандардың қолжетімділігін арттыру назарға алынды. Ауылдағы үш мектеп, Мәдениет үйі, Тайпақ халыққа қызмет көрсету орталығы, балабақшалар, ауыл әкімшілігі, спорт кешенінің ғимараттарын пандус, кірме жолдармен жабдықталды

Алдағы уақытта осындай қам-қарекетті барлық инфрақұрылым нысандарында жүзеге асырса, мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарта аламыз.

Аягөз ЖҰМҚАЗИЕВА,

әлеуметтік бөлімше меңгерушісі.

Тайпақ