15.06.2020, 10:53
Қараулар: 22
Қамшыға бас, шабандоз

Қамшыға бас, шабандоз

Аудан орталығындағы «Құлагер» ат спорты кешенінде  «Ұлы дала ойындары» атты ұлттық спорт түрлерінен аудандық турнир өтті. Ұлттық спорт түрлерінің мәртебесін бекіту мақсатында ауданымызда осындай ойын түрлері әлсін-әлі өтіп, дәстүрлі үрдіске айналғаны көпке аян. Аталған алаң иелерінен Чапаевтан «Құлагер», Көнеккеткен, Үштөбе және Ақжол ауылдарының командалары көкпар мен аударыспақтан сайысқа түсті.

Көрерменсіз өтсе де, ойыншылардың делебесін қоздырған көкпарда күткендегідей, «Құлагердің» мысы басым түсіп, жеңімпаз атанды. ІІ орында – көнеккеткендіктер, Ақжол мен Үштөбенің жігіттері жеңістің үшінші тұғырына көтерілді. Ал аударыспақтан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Еділхан Меңдіханұлы (Үштөбе ауылы) жеңімпаз атанды. 70 келіден жоғары салмақта «Құлагер» ат спорты кешенінің атынан өнер көрсеткен Қайнар Құсмағұловқа тең келер мықты болмады.

Аудандық турнирде жеңіпмаз атанған шабандоздар облыстық ұлттық ат спорты чемпионатына жолдаманы иеленді.

Әсия ШЫРАЙ

Суретті түсірген Азамат ҚАНАПИЯ