19.06.2020, 9:57
Қараулар: 17
Зерделі жастың жеңісі

Зерделі жастың жеңісі

Ауданымыздан түлеп, еліміздің түкпір-түкпірінде білім алатын жастар көптеген байқау-жарыстарда оқ бойы озып, жерлестердің мерейін асыруда. Жуырда жағымды жаңалық Базаршолан ауылынан да келіп жетті. Осы ауылдан түлеген Мирас Қоблан «Қазақстанның үздік студенті – 2020» халықаралық байқауынан жеңімпаз атаныпты. Қазіргі таңда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік  университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің «Режиссура» мамандығы бойынша білім алатын Мирас жастар саясатына қосқан үлесі, дарындылығы, көшбасшылық қасиеті үшін «Үздік студент» төсбелгісімен марапатталды.

«Халықаралық деңгейде  өткен осынау дүбірлі сайыста жерлесіміз Мирастай зерделі жасымыздың жеңіс тұғырына көтерілген – біз үшін үлкен мәртебе», – дейді базаршоландықтар.

Ләйлім ШУАҚ