19.06.2020, 10:55
Қараулар: 18
Әп бәрекелді, шабандоз

Әп бәрекелді, шабандоз

Орал қаласында 14-17 маусым аралығында ұлттық  ат спорт түрлерінен ересектер арасында  Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізілді. Жабық форматта, көрерменсіз, 30-ға дейін спортшының қатысуымен өткен дәстүрлі аламанға Орал қаласы, Тасқала , Шыңғырлау, Жәнібек , Қаратөбе, Ақжайық ауданының командалары қатысты.

Үш күнге созылған жарыста шабандоздар көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша ептілік пен дәлдікті қажет ететін теңге алу сынында Заманбек Бержанов (Көнеккеткен) ІІІ орынға ие болды. Аударыспақтан 90 келі салмақтағы Ринат Абатұлы ІІ орын алса, 80 келі салмақ дәрежесінде Шапағат Наурызов үштікті түйіндеді. Жамбы атудан Айдос Алданов ІІ орынға (үшеуі «Жігер» спорт клубынан) ие болды. Ал көкпардан Ақжайық ауданының жігіттері ІІІ орынды еншіледі.

Ләйлім ӨСКЕН