25.06.2020, 10:21
Қараулар: 73
Жылжымайтын мүлкін уақытында тіркемеген  әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Жылжымайтын мүлкін уақытында тіркемеген  әкімшілік жауапкершілікке тартылады

      Жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімі ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 бабында жазылған. Осы баптың 4 және 5 тармақтарын қоспағанда тұлға құқық (құқық ауыртпалықтары) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, күшіне енген сот шешімі, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеуге жүгінуге тиіс. Жеке және заңды тұлғалар жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімін алты айдан асырып жіберсе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қолданысқа енген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңының 460 бабы Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу:

  1. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы —  ескерту жасауға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет — жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ауданаралық  басқарма бойынша жылдын басынан бері  23  жеке және заңды тұлғаға қатысты  әкімшілік іс қозғалып, барлығыда ҚР ӘҚБтК-нің 460-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып,   ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

2019 жылдың мамыр айына дейін 125 жеке және заңды тұлғаға қатысты аталған бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.  Былтырға қарағанда әлді қалай азайғаны көрінеде, алайда уақытылы тіркете аламағандарда аз емес,  сондықтан да өздерінің жылмымайтын мүліктеріңізді уақытылы тіркеуге шақырамыз.

«Қазақстан заңгерлік одағының»  мүшесі Ақжайық ауданаралық Әділет басқармасының бас маманы  Бағдагүл Еркінғалиева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар