26.06.2020, 15:47
Қараулар: 9
Жұбан рухын ту еткен жорық

Жұбан рухын ту еткен жорық

Ақжайық аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдығының құрметіне туристік жорық бастау алды.

Өткен аптада ақынның туған жері Жыланды ауылы Мыңшұңқыр елді мекенінен бастау алған мағыналы жорықтың жалауын Тайпақ орта мектеп оқушылары туризм орталығының бөлім меңгерушісі Қуаныш Аққалиевқа табыстаса, қазір ол Орал шаһарынан Елордамыз Нұр-Сұлтанға сапарға дайындалуда. Жорыққа шыққандарға ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сағынтай Бисенғалиев өлең шумақтарын арнап, ақ жол тіледі.

Ақынның бейнесі кестеленген кілемшені бірге ала шыққан Қуаныш Ізімғалиұлы Нұр-Сұлтан қаласында өлкетанушы, туристермен жүздесіп, 1 шілдеде Алтай тауларының 4506 метрлік Мұзтаң шыңына тілеулестерімен бірге көтерілмек. Жорық Жұбанның мәңгілік мекені Алматы қаласынан аяқталып, осы жерде туристер ақынның жары София ана, оның көзін көрген жандармен сұхбаттасады.

Әсел САҒЫН.