26.06.2020, 15:47
Қараулар: 70
Сақ болсаң, сау боласың

Сақ болсаң, сау боласың

Облыс аумағында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 2020 жылдың демалыс күндері 27 маусымы сағат 00:00-ден 29 маусым сағат 00:00-ге дейін қосымша уақытша шектеулер енгізілді:

Қоғамдық орындарда, тұрғын үй аула аумақтары мен көппәтерлі үйлердің үйкірмелерін дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Дезинфекция жүргізу кезінде денсаулыққа зиян келтірмеу үшін өңдеуден кейін далаға шықпауға және үлкен қалаларға бармаған жөн.

Қажеттілік туындаған жағдайда ғана азық түлік дүкеніне және дәріханаға дейін барып келуге рұқсат етіледі. Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға бір мезгілде 2 адамнан артық кірмеуі тиіс. Кіреберістерде кезекте тұрғанда арақашықтықты сақтауды ұмытпаңыздар!

Келесі нысандардың жұмысын тоқтата тұру қажет:

— сауда орталықтары, базарлар, сауда желілері, оның «үй жанындағы дүкендер» форматындағы филиалдарын қоспағанда;

— фитнес-орталықтар мен басқа да спорт нысандары;

— саябақтар, жағалаулар, жағажайлар және өзге де демалыс орындары;

— қоғамдық көлік жұмысы.

2020 жылғы 24 маусым сағат 00:00-ден бастап көліктің қозғалысын сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін шектеу қойылды.

Сонымен қатар Аса қажеттіліксіз үйден шықпаған жөн, балалардың да үйде болуын қадағалаған жөн. 65 жастан асқан тұлғаларға аса қажет болмаса, көшеге шығуға шектеу қойылады. Туысқандарға, таныстарға, көршілерге, әріптестерге және т.б. жерлерге баруға, тыйым салынады.

Жоғарыда аталған талап – шектеулерді орындамаған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз!

Карантин кезінде мәселе-сұрақ туындап жатса, 8(71136) 91-2-79 немесе 109 номерлеріне хабарласыңыз!

Аудан әкімдігі