26.06.2020, 16:03
Қараулар: 85
278 түлек ҰБТ тапсырды

278 түлек ҰБТ тапсырды

Індеттің алдын алу мақсатында мектеп түлектерінің басты сыны – ҰБТ биыл үш лекпен, яғни 23, 24 және 25 маусымда өткізілді. Сынаққа мектеп  бітіруші 336 түлектің 278-і (82,7%) қатысуда. 211 түлек ұйымдастырылған тасымал көліктерімен жеткізілді. Аудан орталығындағы №771 Ұлттық тестілеу өтетін пунктте әдеттегідей, Білім және Ғылым министрлігі өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері тағатсыз жұмыс жасады, сынақ барысы арнайы орнатылған бейнекамералар арқылы онлайн-трансляциямен көрсетілді.

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу алгоритміне сәйкес Ұлттық тестілеу пункті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалып, 7 аудитория және 1 қосымша аудитория қамтылды. «Тестілеуге қатысушыларға 1 рет қолданылатын қолғаптар, медициналық маскалар таратылды. Пункт санитайзерлер, дезинфекциялық туннель және кілемшемен жабдықталған. Тестілеу пунктіне кірер алдында баррикадалау ленталары тартылды. Сынаққа қатысқан түлектердің арасында дене қызуы бар оқушылар болған жоқ, өтініш берген түлектердің барлығы түгел қатысты. ҰБТ ешқандай ескертусіз, бұзусыз өтті», — дейді аудандық білім бөлімінің бас маманы Шынар Ғұмарқызы.

Әлия ШАРАПИЕВА