3.07.2020, 15:45
Қараулар: 78
Борис Мырзағалиев – үздіктер қатарында

Борис Мырзағалиев – үздіктер қатарында

????????????????????????????????????

Өңірдегі тірлік-тыныстың хабар-ошарын халыққа жеткізіп, соңғы жаңалықтардан құлағдар етіп отырған баспасөз қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімі Ғали Есқалиев бір топ журналистерді қабылдады. Облыстың «сен тұр, мен атайын» деген тілшілер қауымымен бірге осы салтанатты шарада біздің қаламы қарымды әріптесіміз, «Жайық таңы» газетінің жауапты хатшысы Борис Мырзағалиевті көпжылғы атқарған еңбегі үшін Алғыс хатпен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Ісіне мығым, жас әріптестерінің жанашыры, үлкен отбасының отағасы оған ұзағынан сүйіндірер жақсылықтар тілейміз!

«Жайық таңы» газетінің ұжымы