3.07.2020, 15:48
Қараулар: 177
Бар қазақтың мақтаны

Бар қазақтың мақтаны

Өзбекстан мемлекетінің  Ташкент қаласынан атажұртқа оралғаныма 16 жылдың жүзі болып қалыпты. Сол кезде сан түрлі арман-қиялдарды жүзеге асырып, санқилы тағдырларды тоғыстырған керемет те көркем Елордамыз 10 жасын енді тойлап жатқан болатын. Көзбен көрмесек те,  Еуразия жүрегінде орналасқан еліміздің бас қаласы  туралы сонау өзбек елінде жүргенде-ақ естідік. Бұрынғы Кеңес одағы астаналарының ішіндегі ең жасы да, ең көріктісі де қазақ елінің Астанасы екеніне шет елде болсам да, мақтанатынмын.

Содан бері қанша жыл өтті. Ертегідей көздің жауын алар тұтас бір шаһар Арқа төсінде бой көтеріп, керегесі кең, достық пен бейбітшілік орнаған тәуелсіз ел екенімізді әлемге паш етті. Бас шаһарымыз саяси және экономикалық қана емес, ұлттық тарихтың жаңа келбетіне де айналды.

Иә, біздің жаңа бас шаһарымыз барша қазақстандықтарды біріктіретін, сонымен бірге ұлттық идеяға айналып келеді. Өйткені, Елордамыз – елдігіміздің айғағы, біздің үмітіміз бен болашаққа деген нық сеніміміздің нышаны.

Тұрсынай ҚАЛДЫБАЕВА.

ЧАПАЕВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар