3.07.2020, 15:50
Қараулар: 88
Кезекті қабылдау

Кезекті қабылдау

Өткен аптаның жұмасында аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов тұрғындарды кезекті қабылдауды өткізді. Індетке байланысты елдегі ахуалды ескере отырып, қабылдауға өтініш бергендермен аудан басшысы ZOOM Conferencе мобильді қосымшасы және Whatsapp мэссенджері арқылы байланысты.

Қабылдауға алдын-ала ауданның 14 тұрғыны жазылған. Олардың басым бөлігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, кәсіпкерлік нысандарды қабылдау, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, жер учаскесі, үй құжаттарын реттеу мәселелерін көтерді. Қабылдау барысында берілген сұрақтар бойынша заң аясында ұғындыру жүргізілді. Бірсыпыра сауалдар бойынша құзырлы органдармен байланыс жасалатын болады.

Өз тілшіміз.