3.07.2020, 16:40
Қараулар: 77
Ақсақалдар да рейдте жүр

Ақсақалдар да рейдте жүр

Аудандық №2 пробация қызметі мен Тайпақ полиция бөлімі «Шартты түрде сотталған» атты республиқалық профилактикалық іс-шарасы бойынша сотталғандар арасында қайталап қылмыс жасамау, әкімшілік құқық бұзушылық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты рейдтер жүргізуде. Қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар тұрғылықты жері, жұмысы әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексерілді. Шолу барысында ауыл азаматтарының тағдырына бейжай қарамайтын ауылдың үлкен ақсақалдары да осы жайында байыпты әңгіме айтып, қайталап қылмысқа жол бермеу қажеттігін ұғындырды.

Айталық, сотталғандарға  ҚР ҚК-нің 72-бабы бойынша, егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды осы баптың үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көрсетілген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiндігі бар екенін түсіндірілуде. Дәл осы бап бойынша Қ.есімді азамат сотқа өзінің қолдаухатын жазып, яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Сонымен қатар сотталған адам онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын, аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін іс жүзінде өтегеннен кейін, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады.

ҚР ҚК-нің 64- бабы, 1 бөліміне сай,  егер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi өткенге дейiн өз мінез-құлқымен түзелгенiн дәлелдесе, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшiн жою туралы және сотталған адамнан сотталғандықты алып тастау туралы қаулы шығара алады. Бұл ретте шартты түрде соттаудың белгiленген мерзiмiнiң кем дегенде жартысы өткен соң оның күшi жойылуы мүмкiн. Осы ретте №2 аудандық сотына Н және Ж есімді азаматтардың шартты соттаудың күшін жою және соттылығын алып тастау туралы мәселені шешу үшін, материалдары жинақталып, жолданғанын атап өту керек.

Сот тағайындаған жеңіл жазаға бас бұрмай, кейбіреулер  қайтадан қате қадамдар жасап, өкініштен өзегі өртеніп жатады. Сондықтан ақсақалдар ертең опық жеп қалмау үшін, еңбек ету және адамгершілікке бет бұру қажеттігін қаперге салды

Әліби КЕҢЕС

№2Ақжайық аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты