3.07.2020, 16:56
Қараулар: 109
«Мейірімге» ел риза

«Мейірімге» ел риза

Алмалы ауылдық округінің тұрғындары «Мейірім» волонтерлер тобының жұмысынан кең хабардар. Ауылда жұмыссыз жүрген жиырмаға жуық жастардың басын құраған бұл топ жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші-маман Дәметкен Хасанованың бастамасымен осы жылдың 1 наурызында құрылған болатын. Жастардың осылайша бас біріктіріп, жарқын істерге ұмтылуы ауылдастарының тарапынан қолдауға ие болып, небары 3-4 айдың көлемінде мұқтаж жандардың игілігіне бірқатар жұмыстар атқарылды. Бастапқыда еріктілер Алмалы ауылындағы жасы 90-нан асқан кейуананың үй-жайын жөндеп берсе, бүгінде одан да зор істердің басын қайырып жүр. Өзара сенбілік ұйымдастырып, ауыл ішін тазартуда өзгелерге үлгі көрсетуде. Оған қоса, қазір елді жайлаған індетке қарсы тұрар бірден бір құрал – бетперде тігіп, көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратып берді.

Күні кеше осы топтың қорына ауыл жастары қаражат жинап, оған Алмалы ауылында 8 отбасына, Атамекен ауылында 2 отбасына «Жайық таңы» газетін жарты жылға жаздырды. Осындай елге пайдасын тигізер «Мейірім» тобына ауыл-ел дән риза.

Әсет Бисенғалиев.