13.07.2020, 9:37
Қараулар: 131
Сарытоғайлықтардың  қайырымдылығы

Сарытоғайлықтардың  қайырымдылығы

Сарытоғай ауылдық округінде «Біз біргеміз» ұранымен басталған қайрымдылық акциясы әлі де жалғасуда.  Бұл шараға үлес қосқан қатары қалың ауылдастардың арасында Сарытоғай орта мектебін 2000 жыл тәмамдаған түлектердің ісі атап өтуге тұрарлық. Олар қашықтан оқу басталысымен, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі Сергей Өркен қымбат смартфонды сыйға тартып, сабағын тоқтатпауға жағдай жасады, сонымен бірге мұқтаж отбасының ұл-қыздарына 90 мың теңгеге  киім кешек сатып алып келді. Игі істерін осымен тоқтатпаған олар өздері оқыған мектепке құны 100 мың теңгенің спорттық құралдарын тарту етті. Сондай-ақ 1987-жылы туылған ауыл жастары да осы игі іске атсалысты. Олар толық емес отбасынан АқмаржанКөшерғалиға 40 мың теңгенің ұялы телефонын алып беріп, қуантты, әрі көп балалы он отбасынын үйіне тегін азық түлік жеткізіп берді.

Елде қайырымды істер көбейіп, қайырымды жастардың саны арта берсін дейміз.

Роза АХМЕТОВА,

Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы