13.07.2020, 10:18
Қараулар: 136
Тегін бетперде таратылды

Тегін бетперде таратылды

Елімізде азаматтардың қауіпсіздігі әрдайым бірінші орында. Індетке тойтарыс беру мақсатында қайта алынған шектеу шаралары да – сіз бен біздің саулығымыздың қамы. Көзге көрінбейтін жаумен күресте басты қару санитарлық талаптарды бұлжытпай сақтау екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Соның ішінде көшеде, қоғамдық орындарда бетперде тағуып, ауа арқылы берілетін вирустан ауыз-мұрнымызды тұмшалауды ұмытпаған жөн.

Осы мақсатта апта дүйсенбісінде ауданның елдімекендерінің халық көп шоғырланатын нүктелерінде бетперделер таратылды. Карантин уақытында талай игі істерге ұйытқы болған еріктілер қорғаныс құралын қажет деп тапқан әр тұрғындардың қолына ең көбі бес бетпердеден ұстатты. Атап айтсақ, Чапаев ауылына 580, Тайпаққа 300 дана және қалған ауылдық окурктерге 70 данадан таратылды. Ел басына түскен қиындықты бірігіп жеңгенге не жетсін!

Әсет БИСЕНҒАЛИЕВ