17.07.2020, 9:48
Қараулар: 204
Коронавирус жұқса, не істеу керек?

Коронавирус жұқса, не істеу керек?

Өкінішке қарай,  өңірімізде, соның ішінде ауданымызда індеттің шеңгеліне іліккендер қатары күн санап көбеюде. Ауруханаға ауыр халде түсіп, ақ желеңділер өміріне араша түсе алмаған науқастардың да бар екені көптің қабырғасын қайыстырады.

Вирус жұқтырғандардың көбі үй жағдайында ем алуда. Сондықтан газетіміздің осы санына ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жариялаған коронавирусты емдеу жолдары туралы жариялауды жөн көрдік.

Өз бетімен емделу  аса қауіпті  

Сіз өзіңізді нашар сезініп, бойыңызды  әлсіздік билей бастады делік. Артынша терлеп, басыңыз ауырды, тамақта қыжыл пайда болып, көп кешікпей жөтел қысты. Ауызыңыз дәм, мұрыныңыз иіс сезбейді, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілді. Осы симптомдарды байқасаңыз, дереу учаскелік дәрігеріңізге хабарласыңыз. Қазір дәрігермен қашықтықтан немесе телефон арқылы хабарласқан жөн, клиникаға барудың қажеті жоқ. Өз бетіңізбен ем қабылдамаңыз, барлық медициналық шараны  вирусты емдеудің клиникалық протоколын білетін және барлық қауіптерді алдын-ала ескере алатын маман алуы керек екенін есіңізден шығармаңыз.

Егер аурудың клиникалық белгілерін байқасаңыз, тесті тапсырамын деп, зертханаға барудың қажеті аз, себебі пандемия кезінде бұл белгілер коронавирус инфекциясының көріністері деп есепке алынады.

Міндетті түрде үйде оқшауланған абзал, жұмыс берушіні өзіңіздің жағдайыңыз және вирустық инфекцияны жұқтыру ықтималдылығы туралы хабардар етіңіз. Денсаулық күнделігіне  температура, жүрек қағысының, тыныс алу жиілігін, қан қысымының көрсеткішін, кез келген ауру белгілерін күнделікті жазып отырсаңыз, артықтық етпейді. Тексеру парағының ретінде бұл жазбалар дәрігерге лайықты ем шараларын алып, сонымен қатар болжалды қауіптерді ескере отырып,  емдеу протоколына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Мұны қант диабеті, гипертония, жүрек, өкпе ауруларымен ауыратын немесе семіздікке шалдыққан науқастардың қаперде ұстау керек.

Антибиотиктер без-берекетсіз қабылдауға болмайды

Ең бастысы, коронавирус жұқтырған науқас үрейге бой алдырмауы тиіс. Мұндайда төсектен көп тұрмай, Сұйықтық көп ішіп, уақытымен тамақтануды ұмытпаған жөн. Қызу түсіретін дәрілерді тек дене қызуы қалыптан тыс көтерілген кезде ғана қабылдайды.

Рұқсат етілген дәрілер

  1. Парацетамол, аспирин, нимесулид табл.- температураны түсіру үшін, тәулігіне 4 таблеткадан артық емес.
  2. Ингавирин 90 мг күніне 1 капсула – 5 күн немесе Тамифлю 75 мг-нан күніне 2 рет, 5 күн;
  3. АЦЦ 600мг-нан күніне 2 рет, 5 күн;
  4. Тамақты фурацилин ерітіндісімен күніне 4-5 рет шаю.

Коронавирус инфекциясының жеңіл түрінде бірден антикоагулянттар қабылдап, бактерияға қарсы терапия жүргізбеген абзал. Біріншіден, 5-7 күннің ішінде сау ағзаның өзі вирусты жеңіп шығуға қауқарлы. Екіншіден, медицинада антибиотиктерге төзімділік деген түсінік бар, яғни біз аурудың жеңіл кезеңдерінде күшті антибиотиктерді қолдансақ, осы антибиотиктерге қажеттілік туындаған кезде, ағзаның және бактериялардың оған сезімталдығы азаяды

Қарапайым тұмау десеңіз, қателестіңіз

Егер сіздің дене қызуыңыз 38 – 38,5 градусқа дейін көтеріліп, қақырықты жөтел, қан аралас қақырық, жүрек айну, құсу сынды симптомдармен қоса асқа тәбетіңіз төмендеп, жүректің соғуы жиілеп, қан қысымыңыз төмендесе, бұл пневманияның белгілері. Мұндай жағдайда уақыт оздырмай, дәрігермен хабарласыңыз. Ол медициналық кепілдендірілген тегін көмек аясында сізді өкпеңізді рентгенография немесе компьютерлік томографияға түсіру үшін жолдайды.

Диагностикалық зерттеу кезінде өкпенің аз мөлшері зақымдалғаны (30 пайызға дейін) анықталса, пульсоксиметр деп аталатын  медициналық құрылғының немесе смартфондағы мобильді қосымшалардың көмегімен қанның оттегімен қанығу деңгейін қадағалап отыру керек. Аурудың жеңіл формасында өкпенің төменгі базалдық бөліктерінің  гиповентиляцияның алдын алуға болады. Ол үшін күніне 4 рет кемінде 1 сағаттан ішіңізбен жатсаңыз, жеткілікті. Тромбоздардың көбейіп кету қаупі туындаса, дәрігер профилактикалық мақсатта 10-20 күн антикоагулянттармен емделуді ұсынады. Қосымша бактериялық инфекция жұқтырған жағдайда макролид тобындағы антибиотиктер немесе Амоксициллин тағайындалады.

Егер дене қызуыңыз 3-5 күн ішінде түспесе, жөтел пайда болса немесе күшейсе күнделікті дәрігердің бақылауы қажет. Тыныс алу жиілігі минөтіне 24 такттан жоғарылап, өкпенің оттегімен қанығу деңгейі 95 пайыздан түсіп кетсе, қан қысымыңыз төмендеп, жүрек қағысыңыз 100 соққыдан артса, сізді провизорлық немесе жұқпалы аурулар стационарына жеткізеді. Дереу жедел жәрдемге хабарласып, жоғарыдағы ауру белгілерінің байқалатынын хабарлаңыз.

Үш күн қатарынан дене қызуыңыз қалыпта сақталып, жоғарыда айтқан симптомдар біртіндеп кетек бастаса, КТ немесе рентгенде өкпенің 50 пайыздан аз бөлігі зақымдалғаны анықталса, дәрігер сізді үйден ем алу үшін ауруханадан шығара алады.

Үйде ем алатын болсаңыз, дүкендерге баруға, көшеде және өзге қоғамдық орындарда серуендеуге, қонаққа баруға, шақыруға болмайды.

Материалдарды жинақтаған Әсел САҒЫН