24.07.2020, 10:29
Қараулар: 133
Бақша өнімдеріне сертификат керек пе?

Бақша өнімдеріне сертификат керек пе?

Бау-бақшамен өнімдерін өзге өңірлерге шығаратын жергілікті шаруа құрылымдары карантиндік сертификат деген құжатпен етене таныс. мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын сертификатты жыл сайын Алмалы ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтары алатын. Мысалы, Атырау қаласына карантинге жатқызылатын өнім, яғни қауын-қарбызды саудаға шығарған «Ақбұлақ» қожалығы  8 дана, «Ануар» қожалығы 7 дан сертификат алса, былтыр «Ақбұлақ» шаруашылығы өз өнімдерінің карантин талаптарына сай екендігін 4 мәрте растады. Бұл, әрине, ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіш емес. Сондықтан бақша шаруашылығын қолға алған жерлестерімізді заң талаптарын сақтай отырып, бірлесіп жұмыстануға шақырамыз.

Сонымен қатар 2020 жылдың 26 мамырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 186 бұйрығымен  ҚР аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидасына және  өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қызмет көрсетудін Стандартына өзгерістер  енгізілді. Дәлірек айтар болсақ, мемлекеттік қызметтердің мерзімі өзгертілді. Айталық, «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтін мерзімі өтінішті портал арқылы берген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Өтінімдер  www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталында  қабылданып, сертификаттарды да осы платформалардан алуға болады.

Ал егер өз өніміңізді елімізден тыс аумақтарға шығаратын болсаңыз, онда «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметке жүгінесіз. Бұл сертификатты өтініш берген сәттен 3 жұмыс күнінде ала аласыз. Сондай-ақ, карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 131 бұйрығымен бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын өтініш берілген күнге дейін 7 (жеті) күнтізбелік күннен асырмай берілген карантиндік фитосанитариялық сараптама қорытындысы  берілсе, өтініш берілген сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде, жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде  көрсетіледі. Аталыш қызметтердің барлығы тегін көрсетіледі.

Өсімдіктер карантині саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша толық ақпаратты Чапаев ауылы Мендалиев 23 мекенжайында орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болады.

Байланыс телефон  : 92-4-24.

Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Жексенғали Асқаров