24.07.2020, 10:31
Қараулар: 53
«Жұбан ата жырымен»

«Жұбан ата жырымен»

Талантты халық туғызады. Талант халыққа қызмет етеді. Ақжайық топырағы талай рухы биік, арманы асқақ тұлғаларды дүниеге әкелді, қанаттандырды. Солардың ішінде биыл 100 жылдығы тойланып жатқан Жұбан Молдағалиевтің шоқтығы, әрине, биік. Індет алқымнан алып, көпшілікпен өткзілетін шараларға шектеу қойылса да, ғаламтордың қыр-сырын меңгерген мамандар ақынның шығармашылығын онлайн-шараларда дәріптеуде.

Осындай мазмұнды шараның бірі жуырда Базартөбе ауылының кітапханашысы Наргүл Тілекесқызының ұйымдастыруымен өтті. «Жұбан ата жырымен» деп аталған онлайн-кездесуде ол әлеуметтік желіде оқырмандар мен жас ақындарды жүздестіріп, ақынның отты жырларымен сусындатты. Бұл кездесуде жыр әлеміне енді қанат сермеген Шыңғыс Орақаев пен  Нұржауған Серікова Жұбан ақынның рухына арнаған өз жырларын әлеуметтік желі арқылы жолдады.

Гүлсара Қазиханова

мұғалім.

БАЗАРТӨБЕ