10.08.2020, 9:50
Қараулар: 47
Ұлық мереке тойланды

Ұлық мереке тойланды

Мұсылмандардың ұлық мерекесі үш күнге созылған Құрбан айт биыл індетке байланысты кең көлемде атап өтілмесе де, ауданымызда бірқатар жақсылықтар орын алды. Алла разылығы үшін мал шалынып, ақ түйенің қарны жарылатын күнде  құрбандық шалу арқылы бір-бірін мейірім мен қайырымдылыққа шақырған жерлестеріміз жақсылық жасаудан жарысты.

Ірі қалаларда құрбан шалу рәсімі онлайн өткізілгенімен, тұрмысы бақуатты бірқатар аудан тұрғындары малды өз ауласынан сойып, көпбалалы, аз қамтылған отбасы,жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратты. Ол үшін әрбір ауылдық округте алдын-ала тізім жасақталып, құрбан шалуға ниет еткен жандарға таратылды. Айталық, тек аудан орталығының өзінде үш күннің ішінде жекелеген отбасы, кәсіпкерлер 78 уақ жандықтың етін 200-ден астам мұқтаж отбасыға үйлеріне дейін жеткізіп берді.

Әсем ЕСБЕК