10.08.2020, 9:56
Қараулар: 31
Талапты бұзған айыппұл арқалады

Талапты бұзған айыппұл арқалады

Карантин басталғалы ауданда құрылған мониторингтік топ бірқатар әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды тексеріп, эпидемияға қарсы және карантиндік шаралардың сақталуын қадағалады.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мәліметінше «Батыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шараларын енгізу туралы» БҚО Бас санитариялық дәрігерінің 2020 ж. 4 шілде №22 қаулысында көрсетілген шектеулерді бұзған бірқатар жеке тұлға, кәсіпкерлер жауапқа тартылды.

Соның ішінде ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425 бабының 1 бөліміне сай сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін көлік қозғалысын тоқтату жөнінде шектеуді орындамағаны үшін  15 тұлғаға, отбасылық шара өткізгені үшін  1 тұлғаға,  сауда үйінің жұмысын тоқтатпағаны үшін 1 тұлғаға 30 АЕК; қоғамдық тамақтану орнында жұмыс режиміне қойылған шектеулерді сақтамағаны үшін 2 тұлғаға 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Мониторингтік топтардың рейдтік шаралары жалғаса береді.

Әсем ЕСБЕК