14.08.2020, 9:44
Қараулар: 134
Қатты желдің әбігері

Қатты желдің әбігері

Өткен аптаның сәрсенбісінде сағат 20.00-дердің шамасында тұрған қатты жел біраздың үрейін қашырды. Бударин ауылында Молдағұлова, Астана, Тәуелсіздік көшелерінің электр желілері, ауыл-ауылдың арасында тартылған 20  электр бағаналарының изоляторы мен сымы үзілді.

Дәл осы күні сағат 22:35 шамасында  төтенше жағдайлар басқармасына Жұбан ауылының Ж.Молдағалиев көшесі 7-үй, Талап мектеп-балабақша кешені шатырының 20 шаршы метріндегі шиферлердің ұшып түскені туралы ақпарат келді.

Абырой болғанда, мал-жан аман. «Бударин ауылындағы үзілген электр желілерінің бойында ертеңінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бәрі қалпына келтірілді. Ауылда тиісті комиссия жұмыс істеп, дауылдан келген шығынды нақты айқындау үшін қам-қарекет жасалды. Қорытындылар шығарылатын болады»,- дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Рауан Қашқынбаев.

Ләйлім ШЫРАҚ